Кемелдік иесі – Мұхаммед (с.ғ.с)

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Хижра жыл санағымен Рабиғул-әууал айына да келіп жеттік. Бұл ай ерекше ай. Бұл айда адамзаттың мақтанышы болған кемелдік иесі Хз. Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келген-ді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) келуі жайында не айтылғанын үлкен тәпсірші Ибн Кәсирдің (р.а) тәпсірінен қарап көрелік.

 

Ибн Кәсир (Оған Алланың шексіз рахметі жауып, мейірімі серігі болсын) айтады: «Алла Тағаланың:

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ

«(Мұхаммед,) Біз сені әлемдерге тек рақымдылық (мейірімділік) үшін ғана жібердік» (Әнбия 107) сөзіне келсек; Алла Тағала Мұхаммедті (с.ғ.с) әлемге рақым етіп жібергені жайында хабарлауда. Яғни Оны (с.ғ.с) баршаға рақымдылық етті. Кімде-кім осы рақымдылықты қабыл алып, осы нығмет үшін шүкірлік танытса дүниеде де, ақыретте де бақытты болмақ. Ал кімде-кім одан бас тартып, қарсы келсе, дүниеде де, ақыретте де қасырет шегеді. Бұл Алла Тағаланың

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ بَدَّلُوا نِعْمَتَ اللَّهِ كُفْرًا وَأَحَلُّوا قَوْمَهُمْ دَارَ الْبَوَارِ جَهَنَّمَ يَصْلَوْنَهَا ۖ وَبِئْسَ الْقَرَارُ

«(Мұхаммед,) Алланың нығметтеріне шүкір етуді күпірлікке ауыстырған және қауымдарын, құритын жұртқа итергендерді көрмейсің бе? Олардың жұрты жаһаннам, ол нендей жаман орын» (Ибраһим 28-29) деген аяты іспеттес. Алла Тағала тағы:

قُلْ هُوَ لِلَّذِينَ آمَنُوا هُدًى وَشِفَاءٌ ۖ وَالَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ فِي آذَانِهِمْ وَقْرٌ وَهُوَ عَلَيْهِمْ عَمًى ۚ أُولَٰئِكَ يُنَادَوْنَ مِن مَّكَانٍ بَعِيدٍ

«“Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа” де. Ал иман келтірмегендердің құлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық (қараңғылық). Олар ұзақ бір жерден шақырылғандай» (Фуссилат 44) дейді.

Имам Муслим (р.а) Абу Хурайрадан мына хадисті жеткізді: «Бірде: «Уа, Алланың елшісі! Мүшріктерге қарсы дұға жасаңызшы»–делінді. Сонда Ол (с.ғ.с):

إني لم أبعث لعانا ، وإنما بعثت رحمة

«Расында мен лағынет айтушы ретінде жіберілмедім, алайда рақымдылық үшін жіберілгенмін»–деді» (Хадисті имам Муслим жеткізген).

Екінші бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с):

 إنما أنا رحمة مهداة

«Расында мен сыйға тартылған рақымдылықпын» – дейді. Бұл хадисті Абдулла ибн Араба, Абу Бәкір ибн Муқри және басқалары жеткізген.

Осы хадис Ибн Омардың (р.а) жеткізген нұсқасында: «Алла елшісі (с.ғ.с):

 إن الله بعثني رحمة مهداة ، بعثت برفع قوم وخفض آخرين

«Расында Алла мені сыйға тартылған рақымдылық етіп жіберді, адамдардың бірілерін жоғарылатып, екіншілерін төмендету үшін жіберілдім» – деді» делінген.

Мұхаммед ибн Жубәйр ибн Мутғим әкесінен Абу Жәһл мен Ибн Харис арасында болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Хазраж бен Әус тайпалары туралы ерсі әңгімелері Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құлағына жеткенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с):

والذي نفسي بيده ، لأقتلنهم ولأصلبنهم ولأهدينهم وهم كارهون ، إني رحمة بعثني الله ، ولا يتوفاني حتى يظهر الله دينه ، لي خمسة أسماء : أنا محمد ، وأحمد ، وأنا الماحي الذي يمحي الله بي الكفر ، وأنا الحاشر الذي يحشر الناس على قدمي ، وأنا العاقب

«Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Олар мейлі, қаласын, қаламасын, олармен соғыссам да, ассам да, бәрібір тура жолға бастаймын! Мен Алланың жіберген рақымдылығымын. Алла менімен дінін паш етпейінше жанымды алмайды. Менің бес атым бар; мен Мұхаммедпін, Ахмедпін, Мен Өшірушімін, Алла менімін күпірді өшіреді, мен Хаширмін, адамдар менен кейін (хашыр алаңында) жиналады, және де мен Ақибпын (Менен кейін пайғамбар болмайды)», – дегенін жеткізеді. Ахмад ибн Салих бұл хадистің сахих екеніне үміттімін деген.

Осы тұста «Пайамбарымыздың (с.ғ.с) әкелгеніне сенбеген адам үшін нендей рақымдық бар?» деген сұрақ туындайды. Оған жауап ретінде Сағид ибн Жубайр (р.а) Ибн Аббастан (р.а) жеткізген: «Мұхаммедтің (с.ғ.с) – барлық адамзатқа бірдей рақымдылық болды; Оған (с.ғ.с) иман еткен қауым (дүние мен ақыретте бірдей) бақытқа кенелсе, иман етпегендер алғашқылар сынды жерге жұтылып, суға батырылудан аман болды»–дегенін келтіреміз.»

(Материал «Ибн Кәсир тәпсірінен» қысқартылып алынды)

Ummet.kz

Бөлісу: