Дұға мұсылманның Жаратушысына толық бойсұнғандығын, Оған толық тәуелді екендігін білдіреді. Адамды кез-келген жағдайда Раббысын ғана еске алып, Одан ғана жәрдем тілеуге, Жаратушысымен жақын болуға тәрбиелейді. Ал, мына дұғаны айтқан адам өзін зияннан сақтайды:
«Ә’узу би-кәлимәти-Лләһи-т-тәммәти мин шәрри мә халәқ».
Аудармасы: «Алланың кемел сөздерімен Оның жаратқан мақұлықтарының кесірінен Оған сиынамын» (бұл сөздерді кешке үш рет айту керек).
Муслимнің жинағында бір адамның Пайғамбарға (с.ғ.с) келіп: «Уа, Алла Елшісі! Сен кеше менің сарышаянның шағуынан қандай қиындық көргенімді білсең ғой!» дегендігі айтылады. Сонда ол: «Егер сен түнде жатарда: «Алланың кемел сөздерімен Оның жаратқан мақұлықтарының кесірінен Оған сиынамын деп айтқаныңда саған зиян тимейтін еді» деген екен.
ummet.kz