Құран кәрімде иман жөнінен үлгі еткен адам бейнесі нақты әрі түсінікті етіп көрсетілген. Ілім – иман іс-әрекет байланысын сақтаған, осы байланысты тіршіліктынысының ұстанымы етіп алған мүмін – үлгі болатын ізгі адам. Құранда нағыз мұсылмандардың қандай болу керектігін аяттарында нақты баяндайды.
«Олар Аллаға һәм ақырет күніне сенеді һәм ел-жұртты жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ, қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады. Міне, солар ізгі жандардың қатарында» («Әли-Имран», 3/114).
«Шынайы мүміндер – Алланың аты аталғанда жүректері діріл қағатын, аяттары оқылғанда имандары беки түсетін һәм Раббыларына барынша тәуекел ететін жандар ғана» («Әнфәл», 8/2)
«Мүміндер сөзсіз (азап атаулыдан құтылып) мақсат-мұратына, нағыз жетістікке жетті. Олар – намазда (құдіреті күшті Аллаға) шын бейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар. Олар – бос сөз, пайдасыз істен іргесін аулақ салатындар. Олар – шын бейілімен зекет беріп, (мал-мүліктері мен жүректерін тазарту үшін) барын салатындар. Олар – абиырларын (қымтап, оны күнә атаулыдан) барынша сақтайды» («Муминун», 23/15)
Құран кәрімде мінез-құлқы жағынан үлгі етіп қойған адам қандай болуы керек?
Құран кәрім ой-пікірлерімізді тура, сезімдерімізді таза, мінез-құлықтарымызды көркем ететін жолды көрсететін жолбасшы. Құран кәрімнің түсіндіруі ескертуі мен бұйрықтарына, дін үкімдерін бұлжытпай орындағандар Алла тағаланың разылығын алады және нағыз бақытқа бөленеді.
Дініміз адамның ішкі рухани әлемі мен сөз үйлесімді, мінез-құлқының көркем, ақиқат пен ақылдың салиқалы өкілі болуын қалайды. Себебі, сенімімен іс-әрекет, мінез-құлқы бір-біріне қайшы келетін адамның жан дүниесі тыныштық таба алмайтыны шындық, ондай пенделер қоғамда да құрмет пен сенімге ие бола алмаса керек.
Мінез-құлық, іс-әрекет жағынан үлгі ретінде көрсетілген адам Құран кәрімнің айтуында, ізгі амал-әрекет иесі салиқалы адамның бірнеше аяттарда қайта-қайта ескертіліп, жоғары дәрежелерге ие болып табысқа жететіндері сүйіншіленіп мадақталған.
«Ел жұртты Аллаға, хақ жолға шақыратын hәм (өзін әрі қоғамды түзеуге бағытталған ) игiлiктi iстер iстейтiн әрі : «Мен шын мұсылманмын» - деп, жер салған жаннан асқан сөзі жақсы кiм бар?!» («Фуссилат», 41/33)
Құран кәрімнің бірнеше аяттарында иман мен игілікті іс бірге аталған. Себебі, иман тұрғысында атқалыған іс, адамның иманы және жан-дүниесіндегі үйлесімділікті көрсетеді. Бұндай адамдарды Алла сүйіспеншілікке бөлейді, олардың көңілдеріне мейірімділікұялатады. (Қараңыз: «Мәриям», 19/96) Олар Алла тағаланың мадақтауына ие болғандар:
«Иә,олар иман етіп,көптеген игі іс істеді. Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең керемет мекен де соларға тән!»
(«Рағыд» сүресі, 13/29)
«Ал иман келтіріп, соған сай (өздерін және бүкіл қоғамды түзетуге бағытталған) игілікті істер атқарғандарға болса, (жайқалған бау-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататынын жанға жайлы Жәннат бақшалары бар. Нағыз жетістік, ең үлкен табыс міне, осы!» («Буруж», 85/11)
«Негізгі Ислам білімдері» кітабынан
Нұр-Сұлтан, 2019
ummet.kz