Рационалдық (ақылға негізделген) мұғжиза

Рационалдық (ақылға негізделген) мұғжиза

Ақида
Жарнама

Мұғжиза сезімге негізделген жəне рационалдық болып екіге бөлінеді. Рационалдық мұғжизалар «Рухани», ал сезімге негізделгендерін «Материалдық» мұғжиза дейміз.

Ақылға негізделген мұғжизалар – ақылға қонымды əрі оның таңғажайып мұғжиза екені түсінікті болған. Оған пайғамбарымыздың балалық пен жастық шағы куə. Исламға дейінгі араб түбегі мен Исламнан кейінгі қоғамның халі баршаға аян.

Құран сөзімен айтқанда, ғайыпты Алладан басқа ешкім білмейді. Тек Алланың қалауымен, білдіруімен нəби, расул жəне салиқалы, жүрек көзі ашық жандар ғана біле алады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) ғайыпты өздігінен емес, Алланың қалауымен ғана біле алатын. Оның ішінде, Құран – Пайғамбарымызға берілген теңдесі жоқ мұғжиза. Ал оның үмми (қалам ұстап, жазу жаза алмау) екендігіне Құран куəлік етеді. Бұл да оның пайғамбарлығына бірден-бір дəлел.

Матуридидің көзқарасы бойынша, Құран кəрім – пайғамбарымыз Мұхаммедің (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) пайғамбарлығын дəлелдейтін ақылға негізделген маңызды дəлел. Бұл – Алла тағаланың пайғамбарға берген ең үлкен мұғжизасы.

материал «Матуриди ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: