01
Жұма,
Қараша

һижри

Шиит ағымы және олардың діни ұстанымдары

«Шиа» сөзі  «жақтау», «қолдау» деген мағынаны білдіреді. Ағым ретінде «шиа» атауы -  Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) 632 жылы қайтыс  болған соң Хазіреті Али және оның ұрпақтарын халифалыққа ең  лайық кісі деп, Алиді Құран мен хадис арқылы тағайындалған хақ халифа ретінде қабылдаушы, халифалықтың да осы әулетке тән екендігін айтушыларға берілген.

Имам Әбу Мансур әл-Матурудидің танымал ұстаздары кімдер?

Имам Матуридидің үлкен ғалым ретінде жетілуіне көптеген ғұламалардың септігі тигендігі шүбәсіз. Алайда, басым көпшілігінің кімдер екені бізге беймәлім.

«Тəкфир» сөзінің мағынасы, оның қазіргі мұсылмандардың сеніміне қатысы

Соңғы кездері көптеген мұсылмандар жүректеріне күмән салатын адамдармен жиірек ұшырасуда. Олар «тәкпіршілер» деп аталатын жамағат өкілдері. Бұлар өздерінің жалған сенімдерімен көптеген мұсылмандарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бірқұдайылық пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, өздерінен басқа мұсылмандарды адасқан деп айыптауда.

Матурудидің ақида ғылымындағы деңгейі қандай?

Имам Матуриди өмір сүрген кезең Аббаситтер мемлекетінің әлсіреп, соның нәтижесінде бірқатар Ислам мемлекетінің пайда болған уақытпен тұспа-тұс келді. Маураннаһрда Саманидтер мемлекетінің құрылғаны тәрізді, бастапқыда Иран, Хорасан, Систан және Кирманды құрамына алған Саффариттер мемлекеті пайда болған.

Мұсылман қабірлерін зиярат етудің үкімі

Шариғатта қабірлерді зиярат ету ер кісілер үшін мұстахаб, әйелдер үшін рұқсат етілген іс болып табылады. Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) алғашқы кезеңде, тағдырға сенім мәселесі халық санасында толық орнығып, жаһилия дәуіріндегі әдеттер жалғасып жатқанда қабірлерді зиярат етуге тыйым салып, кейін мұсылмандар санасында дұрыс сенім орныққан соң рұқсат берген.

Қиямет бүкіл ғаламда бола ма?

Алла Тағала Құранда:  «Түн мен күндізді, күн мен айды жаратқан бір Өзі. (Күн мен ай секілді аспан денелерінің) әрқайсысы өз бағытымен жүзіп жүр», – деп хабар береді (Әнбия» сүресі, 33-аят).

Алла тағала өмірді неге жаңбырға теңеген?

Алла Тағала былай деген: (Мұхаммед с.ғ.с) оларға дүние өмірінің мысалын бер: (Өмір) біз көктен жаудырған жауын сияқты. Ол арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырады. Содан соң ол жел ұшырып әкететін құрғақ үгіндіге айналады. Сондай-ақ, Алла барлық нәрсеге үстем Күш иесі» (Кәһф» сүресі, 45-аят).

Дүниедегі ең залым адам кім?

«Ниса» сүресінің 48-аятында: "Алла тағала Өзіне ортақ (серік) қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады",-деп әмір етілген. 

Ихсан – әлемдегі өзекті мәселе

Ихсан – сүннет, әсіресе қазіргі әлемде өзекті мәселе болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті туралы айтқан кезде, біз көбіне Пайғамбардың насихаты бүкіл өмірімізді қамтитынын ұмытып, ғибадатқа қатысты нұсқамаларды ғана түсінеміз: тамақтану ережелерінен бастап, басқалармен қарым-қатынасқа дейін.

Уаһһабилік ағымның Қазақстанға келуі

Уаһһабилік идеология өкілдері өздерін «салафиміз» деп атағандықтан осы атпен таныла бастады. Салафилік идеологияны қолдаушылар Ислам әлемінің көптеген елдерінде белсенді жұмыс жасауда. Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін Орта Азия елдеріне, соның ішінде қазақ жеріне тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келе бастады. Салафилік идеология өкілдері елімізде алғашқы кезде қайырымдылық қорлар ашып, діни сауат ашу курстарын, араб тілін үйрететін оқу орындарын ашып, көптеген жастардың санасын улады.